21 Желт 2021
Ғылыми әдістемелі бөлім

2021 жылдың 18-19 қараша күндері #3 мектеп-гимназиясы базасында ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША 9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ өтті.

Олимпиада мақсаты:  Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау.

Аталған олимпиадағы 141 оқушы белсене  қатынасты. Мектепішілік олимпиададан 1 орынға ие болған оқушылар ҚАЛАЛЫҚ ПӘНДЕР ОЛИМПИАДАСЫНА жолдама алып, сабақтан тыс уақытта қызу дайындыққа кіріседі. Мектебіміздің олимпиада командасы жыл сайын қалалық жүлделі орындарды иеленіп, облыстық білім додасына қатысып келеді. Осындай дәстүрлі мектерішілік іс шаралар оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, түрлі білім сайыстарынп қатысуға белсенділіктерін дамытады.

Мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Утеугалиева Гульжанат Алибековна